2023 жылы қарашаның 22-сі «Жігергаз» газ толтыру станциясында оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментімен және №16 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Оқу-жаттығудың мақсаты сұйықтылған мұнай газын құю, ағызу және сақтау бойынша технологиялық процестер кезінде туындауы мүмкін төтенше жағдайларды жою бойынша қалалық қызметтермен және бөлімшелермен өзара іс-қимылын тексеру болды.

